RU
Павел Дуров "Telegram" мессенджерін жоймақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Павел Дуров "Telegram" мессенджерін жоймақ

Рассказать Вконтакте

Telegram мессенджерін құрушы, ресейлік кәсіпкер Павел Дуров Ұлыбританияда тіркелген Telegram Messenger LLP компаниясын жоюды көздеп отыр деп хабарлайды Qamshy.kz. Кәсіпкер 2018 жылдың 19 желтоқсанында осы мәселеге қатысты өтінішке қол қойғаны белгілі. Ол аталмыш мессенджердің  жабу себебін ресми түрде айтпады.

2018 жылдың сәуір айында Роскомнадзор Telegram мессенджерін бұғаттай бастаған. Себебі ол Федералдық қауіпсіздік қызметіне хабарламаларды шифрлеу кілтін бермей қойған.

Дегенмен, аталмыш желі көптеген қолданушыларда жұмыс істеп тұрды. Бүгінде Telegram мессенджерін мүлде қолданылмайтындай етіп бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Telegram Messenger LLP компаниясы 2014 жылдың 21 ақпанында құрылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel