Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында емшіге емделмек болған 85 жастағы әжей ауруханадан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Маңғыстау облысында емші 85 жастағы зейнеткерді ауруханадан бір-ақ шықты. Сынықшы зейнеткердің сынған сүйегін дұрыс салмай, қарт ананың ашық жарадан қаны бұзылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр
Фото: КТК арнасынан кадр: Instagram

Дәрігерлер Зүбайда Дүйсекешованы дер уақытында әкелмей, кеселдің ушыққанын айтады. Жамбас сүйегін танған сынықшының емінен соң әжейдің ауруы екі еселенген.

"Бір рет таңып берді. Таңғаннан кейін бұрынғысынан да жаман болды.Астына - үстіне төрт жағынан тақтай салып, байлады ғой", - дейді Зүбайда Дүйсекешова.

Зейнеткер ауруханаға дене қызуы қатты көтеріліп түскен. Сынықшы тақтаймен байлағаннан сүйегі қысылған.

Дәрігерлер сепсис болған кейуананың оңалып кетуіне ұзақ уақыт керек екендігін айтуда.

"Медициналық көмекке өздері жүгінбеген. Сынықшыға барғаннан ауруды асқындырып алған. Дер кезінде келгенде емдеу де жеңілірек болар еді. Сол себепті қазір операция жасау қиынға түсейін деп тұр. Денсаулығы жақсарғанда сүйегін бекіту үшін операция жасалады", - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772812-magystau-oblysynda-emsige-emdelmek-bolgan-85-zastagy-zej-auruhanadan-bir-ak-sykty/

pixel