RU
Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунік жұмысынан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунік жұмысынан қуылды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда бас дәрігермен төбелескен облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкері ақыры жұмысынан кетіп тынды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

Өңірге мақтаулы медиктердің төбелесуіне №3 ауруханадағы жайт себеп болған. Сонда жатқан туысына мезгілсіз уақытта барған Нариман Шахмардановты кезекші ішке өткізбей қойған.

Бұған ашуланған бас дәрігер Мәрлен Ахметовке хабарласқан. Кейін дау тура денсаулық сақтау басқармасы ішінде жалғасып, тіпті, жұдырық ала жүгірген.

Жекпе-жекте бас дәрігердің көзілдірігі сынып, әйнегі қабағын тіліп кетсе, Шахмардановтың миы шайқалған.

Бұдан соң әкімшілік сот әдеп бұзған маманға 20 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

"Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Шахмарданов мырзаға сөгіс жарияланды. Ол өз еркімен өтініш жазып, жұмыстан босатылды. Ал бас дәрігерлің қазіргі жағдайы жақсы, жұмысын орнында атқаруда", - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel