RU
Қайрат Нұртас даусының күшімен жабық тұрған есікті ашып жіберді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас даусының күшімен жабық тұрған есікті ашып жіберді

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас Германияда өткізіп жатқан демалысынан қызықты видео жүктеп, көпшілікті таңғалдырды. Шоу-бизнес жұлдызы қатты айқайлай ән салып, даусының күшімен жабық түрған есікті ашып жіберген. Әншінің бұл әрекеті ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы аталмыш бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол әйелі Жұлдыз Әбдукәрімовамен қол ұстасып, қатты ән шырқап келе жатқаны көрініс тапты. Нәтижесінде, Қайрат Нұртас жоғары ноталарды алып, даусының күшімен жабық күйде тұрған есікті ашып жіберген.

"Мен ән айтқан кезде есіктердің өзі ашылып кетеді ғой" , - деп айтты видеода әнші.

Өнер иесінің бұл қылығы желі оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды. Бұған қатысты көпшіліктің ойы екіге бөлінген. Бірі әншінің әзілі мен көңілді жүргеніне тәнті болып жатса, енді бірі оны тағы мақтанып жатыр деп сөкті.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар

Сіздің реакцияңыз
35
1
6
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel