RU
Павлодарда үш баланың әкесін өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты

Павлодарда үш баланың әкесін өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Павлодар үш баланың әкесіз аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Марқұмның туыстары қылмыскерге тағайындалған жазаға қанағаттанбай, сот залында өз наразылығын білдірген деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pavlodarnews.kz

Фото: pavlodarnews.kz

Қаза тапқан азаматтың жақындары оны өлтірген ер адамға тым жұмсақ үкім шығарылғанына шүйлікті. Сотталушы тоғыз жылға бас бостандығыннан айырылған. Оқиғаға қатысты сотта судья шығарылған үкімді әрең оқып шықты.

Тергеу бойынша, өткен жылдың шілде айында Жандос Мұхамеджанов Дәурен Мүбәрәковқа 120 мәрте соққы жасап өлтіргені анықталды.

Сотталушы үш баланың әкесін өз бауырының өліміне қатысты бар екенін болжаған. Соған байланысты, ол ер адамды туысының зиратына апарып, сол жерде өлтіреді. Жансыз денені Мұхамеджанов арыққа тастап кеткен.

Тергеу барысында ол бұл әрекетімен ағасы үшін кек алғанын айтқан. Алайда, Мүбәрәковтің ол адам өліміне қатысы жоқ екені анықталды.

Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, сот шешімі басқа болды.

Бұл үкім марқұм туыстарының ашу-ызасын тудырған.

"Бізді қайтадан өлтіріп отырсыз ғой. Не істеп отырсыз? Тоғыз жыл? Қылмыскер" - деп айқайға салды олар.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
5
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel