RU
Алматыда видеоға түсіп қалған ұры жедел түрде тұтқындалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда видеоға түсіп қалған ұры жедел түрде тұтқындалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда күндізгі уақытта ұрлық жасап жүрген 20 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол Медеу ауданында орналасқан үйдің қақпасындағы бейнебакамераны жұлып алған. Алайда, бұзақы басқа құрылғының камерасына түсіп қалады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтап, жедел түрде тұтқындаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

Полицейлердің хабарлауынша, жас жігіт тапа тал түсте бейнекамераны ұрлап кеткен. Ұрлықтың орын алғанын аңғарға үй иелері үш күннен соң тәртіп сақшыларына жүгінген.

"Қылмыстың кешіктіріліп хабарланағанына қарамастан, біз оны аз ғана уақыт ішінде шештік. Күдікті ретінде 1998 жылғы жас жігіт тұтқындалды. Ол бұған дейін де бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды" , - деді Медеу аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Дәулет Самбетов.

Ұрланған бейнебақылау камерасы өз иесіне қайтарылды. Оқиғаға қатысты іс "ұрлық" бабы бйынша жүріп жатыр. Жақын арада істі сотқа өткізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel