RU
Жеңіліп көрмеген отандық боксшы мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді
Жаңалықтар Спорт

Жеңіліп көрмеген отандық боксшы мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Калифорния штатына қарасты Санта-Инес қаласында өткен бокс кешінде отандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутпен жеңіп кеткен деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мейірім Нұрсұлтановқа осы жолы мексикалық боксшы Рамон Агинага қарсы шыққан. Жекпе-жек он раундқа созылуы керек болған.

Алайда, отандық боксшы екінші раундта қарсыласын ноқаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы қатарынан оныншы жеңісіне жетті.

Бұл кездесуге дейін Нұрсұлтанов америкалық Джамар Фримэнмен жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
13
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel