RU
Храпуновтың ұлы Трамптың мүлкіне қатысты дәлелдерді жойғаны үшін айыпталып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Храпуновтың ұлы Трамптың мүлкіне қатысты дәлелдерді жойғаны үшін айыпталып жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматының бұрынғы әкімі мен Төтенше жағдайлар экс-министрі Виктор Храпуновтың ұлы АҚШ-та жеке мүлікке қатысты келіссөздер жайлы мәліметтерді жасырып қалғаны үшін айыпталып жатыр. Оған қоса, Ильяс Америка президенті иелік ететін "Трамп Сохо" ғимаратынан кондоминиум объектілерін алған болып шықты деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Фото: zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Bloomberg басылымының мәлімдеуінше, Ильяс Храпунов соттың іске қатысты дәлелдерді сақтап қалу талабын орындамай қойған. Ол өзінің парақшаларын жойып, жеке мүлік келіссөздерінің құжаттарын ұсынбай қойған.

Бұл жөнінде Манхэттеннің федералдық соты "БТА Қазақстан" АҚ өкілдерінің шағымынан кейін бір-ақ білген.

Сотта банк тарапынан болған жақ Ильяс Храпуновқа қатысты сот үрдісі 2010 мен 2014 жылдар аралығында өткенін мәлім етті. Қазақстанда тергеу барысында болған ер адам жеке мүлік объектілерінің инвестицияларына тікелей қатысы бар көптеген жазбалардың көзін жойып тастаса керек.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ақшаны жасырын түрде жымқыру мақсатында 2013 жылы Дональд Трамп атындағы комплекстен үш кеңсе сатылып алынған. Ал Алматыда олигархқа айып тағылады деген ақпарат пайда болғанда, Храпуновтың ұлы отбасылық қаржыны басқарған сәтте заңнамаға қайшы келмегенін айтып ақталмақ болған. Анықталғандай, Ильяс Храпуновқа қатысты тағылып отырған айыптау аясында АҚШ президентінің компаниясына ешқандай шағым түсірілмеген.

Храпуновтардың қорғаушысы Эндрю Соломонның айтуынша, оның қорғауындағы адамдар бұл оқиғада мүлде кінәсіз.

Оған қоса, Соломон БТА банк тарапынан келіп түскен шағымдардың басым көпшілігін сот қабылдамағанын анықтап кетті. Адвокат бұл жағдайда қаржылық ұйымның өз кінәсі қарастырылып жатқанын алға тартты.

Оның пікірімен банк өкілі Мэттью Шварц мүлде келіспейді. Ол өз кезегінде компанияның заңсыз төлемдере қатыспағанын айтты. Заңгердің мәлімдеуінше, электрондық поштаны тазалау Храпуновтар отбасына сенуге болмайтынын анық дәлелдейді.

Мақалада тергеу әлі күнге дейін іске қатысты басты куәгер Геннадий Петтелиннің қайда екенін анықтай алмай жатқаны жазылған. Қорғаушы тарап Ильяс Храпунов АҚШ-қа аударған қаражат Пттелинге тиесілі деп есептейді.

Айта кетейік, Геннадий Петтелин Ильяс Храпуновтың әпкесіне үйленген.

Қазіргі таңда атышулы отбасы шетелде жасырынуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel