RU
Алматыда Көк базар қоршауға алынды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Көк базар қоршауға алынды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда тәртіп сақшылары көк базар аумағын қоршауға алды. Оқиға куәгерлерді полицейлердің Тәжікстан азаматтарын тұтқындап жатқанын видеоға түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматы тұрғыны гастарбайтерлердің тұтқындалуын бейнекамераға түсіріп алып, тәртіп сақшылары көк база аумағын қоршауға алғанын жеткізді. Оған қоса, ол базардан барлық Тәжікстан сатушылары кетіп қалғанын айтып өтті.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы куәгер хабарламасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Полиция қызметкерлері әрбір демалыс күндері миграциялық қызметпен біріге базарлар мен сауда үйлерді тексереді. Тәртіп сақшылары заңсыз түрде жұмыс істеп жатқан мигранттарды анықтайды.
Бұл жоспарлы түрде әрдайым болып тұратын шаралар. Қоршау жоқ. Шетелдік азаматтардың арасында ешқандай алаңдаушылық жоқ. Нақты қанша адам тұтқындалғаны жайлы ақпарат түнгі 00:00-ден кейін, полицейлер есеп берген соң мәлім болады" , - деді Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
25
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel