Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждің қақ ортасында жарылыс болды: зардап шеккендер бар (видео)

Опубликовано:

Бүгін Париждің қақ ортасында жарылыс орын алды. Төтенше жағдай салдарынан бірнеше адам зардап шеккен деп жазады NUR.KZ.

Фото: twitter.com/croissandeau
Фото: twitter.com/croissandeau: UGC

Жергілікті полиция шағымына сілтеме жасаған Франс Пресс басылымы жарылыстың Рю-де-Тревиз көшесіндегі дәмханада орын алғанын хабарлауда. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы үйлердің терезелері шағылып, өрт шыққан.

Төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша, шамамен сағат таңғы тоғыздарда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың орын алуына газдың жайылуы себепкер болған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция мен жедел жәрдем көлігі келген.

Жарылыс куәгерлерінің әлеуметтік желідегі жүктеген суреттерінде оқиға болған көше, жарылыс қалдықтары мен ғимараттың өртеніп жатқан қабырғасын көруге болады.

Париж полициясы жергілікті халықты жарылыс болған ауданға барудан бас тартуға шақырды. Тәртіп сақшылар көпшілікке жедел көмек қызметкерлерінің ісіне кедергі келтірмеуін сұрады.

Рейтер басылымы оқиға салдарынан тоғыз адамның қатты жарақат алғанын мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың қаладағы "сары жилеттердің" қарсылық шарасына қатысы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1772858-parizdi-kak-ortasynda-zarylys-boldy-zardap-sekkender-bar-video/

pixel