RU
ЭКСПО-ға келіп, сәбилі болған африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр?
Жаңалықтар Қоғам

ЭКСПО-ға келіп, сәбилі болған африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр?

Рассказать Вконтакте

Конгодан Қазақстанға келіп, нәрестелі болған Моника Камукендж Камганза бүгінде "Аналар үйіне" орналастырылған. Бұл туралы әйелге қамқор болған "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Анна Рыльдің facebook парақшасынан алынды

Фото: Анна Рыльдің facebook парақшасынан алынды

"Біз бүгін Мониканы біздің орталықтан аналар үйіне шығарып салдық. Ол жақта Моника алты ай тұра алады. Біздің серіктесіміз "Ана үйіне" рақмет айтамыз. Моника бізде маусым айынан бері тұрды. Өкінішке орай біздің қордың мүмкіндігі шектеулі. Оның үстіне қазір жылдың басы. Біз сондай-ақ, Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға алғыс білдіреміз. Олар Мониканың босануын, бастапқы күтімді, сәбиге керек-жарағын төлеп берді", - деп жазды Анна Рыль.

Еске сала кетейік, Моника Астанаға "ЭКСПО-2017" көрмесінде жұмыс істеу үшін келіп, бейтаныс ер адаммен танысып, одан жүкті болып қалады. Көп ұзамай ер адам әйелмен айырылысып, Моника аяғы ауыр күйінде жалғыз қалады.

Бұған қоса визасының уақыты да өтіп кетеді. Осылайша тұрғылықты мекенжайсыз әрі көк тиынсыз далада қалған әйелге осы уақытқа дейін "Қорғау Астана" қоры қамқорлық көрсетіп келген.

Скриншот Анна Рыльдің facebook парақшасынан

Скриншот Анна Рыльдің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз
7
3
3
2
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel