RU

Юлия Галышева Канадада өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды (видео)

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде бірінші орын алды. Бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org: Depositphotos

2018 жылы Пхенчхандағы Олимпиаданың қол жүлдегері финалда 79,10 балл алған. Бұл Галышеваға жарыс жеңімпазы атануға мүмкіндік берген.

Ал екінші орын Франция өкілі Перрин Лаффонға бұйырса, үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф тәмәмдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772891-ulia-galyseva-kanadada-tken-lem-kubogynda-zeimpaz-atandy-video.html