Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігер сәбиін 12 жыл күткен келіншектің ішінен 50 тас алып шыққан

Опубликовано:

№1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шәуенов толғағы қысқан әйелдің өтінен 50 тасты алып, сәби мен анасын құтқарып қалған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Иллюстрациялық фото: BNews.kz
Иллюстрациялық фото: BNews.kz: Depositphotos

Білікті дәрігердің сөзінше, ең алдымен кесарь тілігін, кейін өттегі тасты алған. Ақ халаттылар сәл кешіккенде, сәби түгілі жас ананың өзінен де айырылып қалар едік дейді.

"Бірінші кесарь тілігі арқылы баласын алып, екінші кезеңде өт жолдарын ашып, өттің жүруін қамтамасыз еттік. Сондай шешімге келіп, науқастың өзіне, туыстарына айтып, бірлескен ота жасадық", - дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шәуенов.

Айта кетейік, өтінен 50 тас шыққан жүкті келіншек 12 жыл бойы сәбилі болуды армандаған. Дәрігерлердің біліктігі арақасында ананың үміті ақталып, қаншама жылдар бойы асыға күткен сәбиімен қауышты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772894-symkenttik-driger-sbiin-12-zyl-ktken-kelinsekti-isinen-50-tas-alyp-sykkan/

pixel