RU
20 сағат бойы тынбай жұмыс істеген дәрігер дәл ота үстелінде ұйықтап қалған (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

20 сағат бойы тынбай жұмыс істеген дәрігер дәл ота үстелінде ұйықтап қалған (фото)

Рассказать Вконтакте

20 сағат бойы тынбай жұмыс істеп, дәл от үстелінде ұйықтап қалған қытайлық хирург желіде қызу талқыға түсті. Жұмыстан әбден шаршап, қажыған дәрігерді медбикелердің бірі фотоға түсіріп алған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото © WeChat

Фото © WeChat

Шетелдік басылымның жазуынша, Гуйчжоу провинциясының шыққан Луо Шанпенг есімді дәрігер бес қиын ота жасап демалмақшы болғанда қолын ет тартқыш зақымдаған адамды алып келеді.

Отаны кейінге қалдыруға болмайтынын түсінген хирург қатты шаршап тұрғанына қарамастан, науқасқа көмектесуге бел буады. Ал соңында әбден қажыған ер адам дәл ота үстелінде науқастын қолын ұстаған күйі ұйықтап кетеді.

"Мен көзімді жұмып, демалып алғым келді. Алайда ұйықтап кетемін деп ойламадым", - дейді Луо Шанпенг

Желі қолданушылары өз ісіне адал дәрігерге риза болып, тіпті ұйықтап жатса да, науқастың қолын дұрыс қалыпта ұстай алғанына таңдай қаққан.

Кейінірек отаның сәтті аяқталғанын, ал Луо Шанпенг құтқарып қалған науқастың жағдайы жақсарып келе жатқаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
3
4
2
34
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel