Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жүк көлігіне соғылып, бір адам ажал құшты

Опубликовано:

Алматының "Шаңырақ" шағын ауданында жолаушылар автобусы мен газ баллондары тиелген жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Twitter

Агенттіктің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жанқожа батыр мен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық автобус бұрылу үшін бөгеліп қалған автокөлікті айналып өтпек болғанда, қарсы бетке шығып кетіп, газ баллондары тиелген "ГАЗельге" соғылған.

Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы (бірі – "ГАЗельде", екіншісі автобуста отырған) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 

Жол апатынан кейін газ шыққандықтан, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылды. Абырой болғанда, жарылыс болған жоқ. 

Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Twitter

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772901-almatyda-avtobus-zk-kligine-sogylyp-bir-adam-azal-ksty/

pixel