RU
Жаңаөзенде жеңіл көлік жарылды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жаңаөзенде жеңіл көлік жарылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жеңіл көлік өртке оранып, салдарынан жарылған. Оқиғадан бір адам зардап шекті деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Lada.kz

фото: Lada.kz

Toyota Cаmry көлігі 12-ші қаңтар күні кешкі 21:50-де өртенген. Ал қызыл жалын сағат 22:01-де ауыздықталған. Бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт кезінде 1987 жылғы ер азамат зардап шекті. Оның беті мен қолы күйіп қалған.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақтанған. Ол травматология бөлімінде жатыр.

Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз, себебі анықталуда.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel