RU
Головкин-Альварес арасындағы үшінші кездесудің келіссөздері басталды

Головкин-Альварес арасындағы үшінші кездесудің келіссөздері басталды

Рассказать Вконтакте

Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу 4 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді деген ақпарат тарады. Бұл туралы Allboxing.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: sports.kz

фото: sports.kz

Таяуда GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесудің келіссөздері басталатынын Golden Boy проумоутерлік компаниясының жетекшісі Оскар Де Ла Хойя хабарлаған.

Ол компания президенті Эрик Гомеске қос боксшының арасындағы келесі жекпе-жектің келіссөздерін бастау туралы тапсырма бергенін айтады.

Бұл ақпаратты проумоутер ESPN 97.5 радиосының эфирінде айтқан. Кейінірек әлеуметтік желіде растаған.

Де Ла Хойядан бөлек бұл жаңалықты HBO телеарнасының комментаторы Рикардо Селисте хабарлаған. Ол өзінің Twitter желісінде Геннадий Головкиннің DAZN компаниясымен келісімшартқа отырғанын жазған.

Алдын-ала ақпаратқа сүйенсек, кездесу 4 мамыр күні T-Mobile Arena кешенінде өтеді деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, қос боксшының арасындағы екі кездесуде осы кешенде өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
1
10
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel