RU
Күлкісі әлемдегі ең әдемі ресейлік ару кім?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Күлкісі әлемдегі ең әдемі ресейлік ару кім?

Рассказать Вконтакте

28 жастағы ресейлік ару күлкісі әлемдегі ең әдемі әйел атанды. Тюмендік визажист Елена Станиславская АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания және өзге де елдерден қатысқан қарсыластарын шаң қаптырған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Күлкісі әдемі ару-2019" байқауы 23 пен 45 жас аралығындағы әйелдер арасында өткізілген. Оның мақсаты - күлкіні насихаттау.

Ал тюмендік ару үшін бұл бірінші жеңіс емес. Бұған дейін жас ана "Жыл анасы-2015", "Ынтамақ аруы-2017", "Әсемдік аруы-2018" байқауларының жеңімпазы атанған.

Елена күлкісімен тек қазылар алқасының жүрегін жаулап қана қойған жоқ, оны күнделікті әлеуметтік желіде 96 мың алтын адам бақылап отырады. Осы орайда бірінші орынды қанжығасына байлаған ару өз оқырмандарына алғысын айтты.

Еленаның негізі мамандығы заңгер болғанымен визажист пен блогерлік оған артық етпейтін көрінеді.

Бүгінде бір қызды тәрбилеп отырған ана отбасына жіті көңіл бөлетінін айтады.

Ал "Күлкісі әдемі ару-2019" атанған Елена байқау серіктестерінен сыйлық алып қана қомай, 2020 жылғы байқаудың әділ қазы мүшесі болуы да ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
2
6
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel