RU
Алматыда туыстарымен ұрысып қалған 20 жастағы музыкант табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда туыстарымен ұрысып қалған 20 жастағы музыкант табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында 21 қараша күні үйінен шығып, қайтып оралмаған 20 жастағы Платон Киорды туыстары іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Платон Киор. Фото: жоғалған жігіттің жақындары

Платон Киор. Фото: жоғалған жігіттің жақындары

Жас жігітті бірнеше айдан бері іздесіріп жатқанын жоғалған азаматтың анасының құрбысы хабарлаған.

Әйел өзінің жазбасында Платон жоғалмастан бұрын үй ішімен арада жанжал болғанын атап өтті.

"Платон - талантты адам. Ол музыкаға жан-тәнімен берілген. Оның мінезі шатақтау болғанымен, шығармашыл тұлға. Сол күні жақындарымен ұрысып, есікті сарт еткізіп жауып кетіп қалды", - дейді әйел.

Белгісі жігіт үйінен шыққанда үстінде қара қысқа шалбар, батпақ түсті ұзын күртке, қызыл жолағы бар қара бас киім және қара бәтіңке болған.

Жас жігіт ұзын бойлы және арық денелі. Әйел адам оның ерекше белгісі деп оң қолындағы бас сүйек бейнеленген татуировканы атаған.

Жоғалған музыканттың анасы Надежда Киордың Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, полиция қызметкерлері арызды бірден қабылдамаған.

Құзырлы орган оған барлық ауруханаларға, мәйітханаларға, жазатайым оқиға бюросына және достарына алдымен өзіне хабарласуға кеңес берген.

"Барлық танитын достарына хабарластық. Ешқайсысы қалада оны көрмеген. Барлық инстанцияларға (мәйтіханалар тағы басқасы) бардық, қоңырау шалдық. Ол жақтаан да таппадық", - дейді Надежда Киор.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel