Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды-Шахтинск тас жолында жол апатынан көлік өртеніп кетті

Опубликовано:

Қарағанды-Шахтинск тас жолында көлік өртеніп, төрт адам жол апатынан зардап шеккен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Куәгердің фотосы
Куәгердің фотосы: Getty Images

Жол көлік апаты Шахтинск қаласынан 15 шақырым жерде болған. Тас жолда Volkswagen Passat пен Audi көліктері соқтығысқан.

"Соғылу салдарынан Audi көлігі жанған. Оқиға орнында екі арнайы техника мен 9 өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеді", - деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дауренбекова.

Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен төрт азаматты орталық ауруханаға жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772926-karagandy-sahtinsk-tas-zolynda-zol-apatynan-klik-rtenip-ketti/

pixel