Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін өзіңізге шектеулер қойып, нысапсыздыққа жол бермеңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 11-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Kolobok.ua
Көрнекі фото:Kolobok.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін күнделікті істермен айналысасыз. Белсенділік танытудың қажеті жоқ. Мұны ертеңге қалдырыңыз.

2. Торпақ

Өзіңізге жауапкершілік алудың қажеті жоқ. Егер жұмысыңыз қандай да бір нәрсені ұйымдастыруды талап етсе, маңызды шешім қабылдауды ертеңге қалдырыңыз.

3. Егіздер

Бүгін жауапкершілік алып, маңызды мәселені талқылауға болмайды. Одан да жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз. Ақшаңызға, қаржы мәселесіне ерекше көңіл бөліңіз.

4. Шаян

Бүгін біреудің көңілінен шығуға тырыспаңыз, себебі жасандылығыңыз байқалып қалуы мүмкін. Басқа маңызды мәселелермен де айналыспаған жөн.

5. Арыстан

Бүгін оң аяғыңыздан тұрсаңыз күн сәтті өтеді. Кешті сүйіктіңізбен бірге өткізіп, болашаққа жоспар құрып, армандаңыз.

6. Бикеш

Бүгінгі күн көптеген толқыныстар мен қыиндықтар әкелуі мүмкін. Бірақ түстен кейін жағдай өзгеріп, бәрі орнына келе бастайды. Ең бастысы сізге ешкім кедергі келтірмеу керек.

7. Таразы

Бүгін тазалыққа ерекше мән бересіз. Таңертеңнен бастап бәрін ретке келтіре бастайсыз. Бір жерден шаң мен кір көрсеңіз, бұл сіздің ашуыңызға тиетін болады.

8. Сарышаян

Бүгінгі күн сіз үшін шынымен ауыр көрінуі мүмкін. Таңертеңнен бәрі сізден бір нәрсе сұрайды, тіпті бопсалайтындар да табылады. Бірақ мұның бәрі өткінші екенін түсініп, мән бермеңіз.

9. Мерген

Бүгін сізді ашуландыратын адамдар көп болады. Ең бастысы оларға көңіл бөлмей, ашуға бой алдырмаңыз. Сіздің әрбір сөзіңіз сізге қарсы қолданылуы мүмкін.

10. Тауешкі

Бүгін дегеніңізден қайтпасаңыз, көптеген жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін. Ең бастысы ұйқыңызды қандырып, асықпаңыз. Түстен кейін өзіңіздің түйсігіңізге құлақ ассаңыз, жетістіктерге жетесіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін ешқайда бармай, демалысыңызды созған жөн. Ондай мүмкіндік болмаса, серілердің сауытын киіп алған жөн. Ол сізді жөнсіз шабуылдаушылардан қорғайды.

12. Балықтар

Бүгінгі күн қиын болады, сондықтан көп нәрсеге мән бермеген жөн. Өзіңізді сабырға шақыра білсеңіз, күн бірқалыпты өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772934-14-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel