Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ: Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Опубликовано:

Бүгін, 14 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі. Кей өңірлерде көктайғақ, тұман, дауылды жел болжанады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Тұман, көктайғақ: Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Көрнекі фото: Спутник Қазақстан: Depositphotos

Синоптиктердің болжамынша, түнде Ақмола облысының басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысын тұман басады. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ көктайғақ болуы ықтимал. Павлодар облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772949-tman-kktajgak-elimizdi-basym-bliginde-aua-rajy-kbylmaly-bolady/

pixel