RU
ШҚО-да жаңа жылға шырша кесіп алған әйел жазаға тартылды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да жаңа жылға шырша кесіп алған әйел жазаға тартылды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны жаңа жыл қарсаңында шырша кесіп алғаны үшін жазаға тартылды. Үйін мерекеге арнап безендірмек болған келіншек заң алдында жауап беруге мәжбүр болды деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: Алтайньюс

Фото: Алтайньюс

Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс Алтай аудандық сотында қаралды.

Әрекеті әшкере болған әйел мемлекетке 36 075 теңге залал келтірген болып шықты.

Ол өз ісі үшін алатын жазадан қорқып, шыршаны өртеп жіберген екен. Алайда, айғақтан құтылса да, жазадан жалтара қоймапты.

Ол сот шешімі бойынша кінәлі деп табылып, қоғамдық жұмыстарға жегілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel