Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда кәсіпкерлердің көлігін әдейі өртеп жүрген бұзақылар іздестірілуде

Опубликовано:

Теміртауда үш көлікті өртеп жіберген белгісіз іздестіріліп жатыр. Полиция мен көлік иелері өрт тұтатушылар туралы дерек ұсынған адамға сыйақы беретіндерін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: roslavl.readovka.ru
Көрнекі фото: roslavl.readovka.ru: Twitter

Атап айтқанда, Теміртау қаласының 9-шы шағын ауданында Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі қасақана өртелген.

Техникалық сараптама әдейі өрт қойылғаны туралы нұсқаны растап отыр.

Қазір бұл жағдайда қатысты полиция қылмыстық кодекстің 202-бабы "Бөтен адамның мүлкін қасақана жою" бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Теміртау ТЖ бөлімінің ақпараты бойынша, белгісіз біреулер қаланың 70-ші кварталында Hyundai көлігіне де от қойған.

Өрт сөндірушілердің оқиға орнында жанармай фрагменттерін тапқаны өрттің қасақана ұйымдастырылғанын куәландырады.

Өрт тұтатушылардың қолынан Горка дружбы көшесінде Toyota Avensis темір тұлпары да жанып кеткен.

Барлық өртенген көліктердің меншік иелері кәсіпкерлер мен ірі коммерциялық компаниялардың қызметкерлері болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772954-temirtauda-ksipkerlerdi-kligin-deji-rtep-zrgen-bzakylar-izdestirilude/

pixel