Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда дүкен тонаған ұры аяқ киімін кіреберіске қалдырып кеткен

Опубликовано:

Ақтау қаласының 11-ші ықшам ауданында орналасқан ерлерге арналған киім дүкенін тонаған ұры аяқ киімін кіре беріске қалдырып кеткен. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ogorod.ru
Көрнекі фото:ogorod.ru: Facebook

Оқиға 13 қаңтар күні болған.

Дүкен иесінің сөзінше, белгісіз ер адам дүкенге кіріп, сатушыға қоқан-лоққы көрсетіп, 10 мың теңге тұратын аяқ киімді алып кеткен.

Далаға шыққан ұры аяқ-киімін ауыстырып, ескі бәтеңкесін дүкеннің кіре берісіне қалдырып кеткен.

Полицейлер бақылау камераларының жазбасын көріп, ұрыны таныған.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, ер адамның психологиялық ауытқулары бар көрінеді.

Полиция ұрыны тұтқындады. Дүкен иесі арыз жазбақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772957-aktauda-dken-tonagan-ry-aak-kiimin-kireberiske-kaldyryp-ketken/

pixel