Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар мен аязды қалаймын": Шымкентте 13 градусқа дейін күн жылынып кетті

Опубликовано:

Шымкентте осы демалыс күндері термометр бағаналары +13 градус жылулықты көрсеткен. Ауа райына таң қалған тұрғындардың басым бөлігі көктем жылуымен рахаттанса, екіншілері қар мен аязды күндерді сұрауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: коллаж NUR.KZ
Фото: коллаж NUR.KZ: Depositphotos

Шымкентте "Ескі жаңа жыл" мерекесінде ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп кетті.

Ауа райының бұл өзгерісіне таңданған журналист Марина Низовкина өзінің Facebook парақшасында тек қана қар мен аязды қалайтынын, тіпті, тазартылмаған жолдарды сынға алмайтыны туралы айтты.

Фото: Скриншот Facebook/ Марина Низовкина
Фото: Скриншот Facebook/ Марина Низовкина: Instagram

Суреттерден бөлек, шымкенттіктер демалыс күндердегі ыстық ауа райының видеосын да жариялап жатыр. Алайда синоптиктер жақын арада өңірде суық орнайтынын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772971-kar-men-aazdy-kalajmyn-symkentte-13-graduska-dejin-kn-zylynyp-ketti/

pixel