Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған бәрібір": Сәбиін далада емізген Байзақова елден сөз естіп қалды (фото)

Опубликовано:

Айжан Байзақованың кезекті жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, көптің ашуын тудырды. Атышулы блогер өзінің Instagram парақшасында аязды күні баласын емізіп отырған суретін жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Бойжеткен қыс уақытында далада, елдің көзінше бала емізе беретінін жеткізген.

Оның бұл мәлімдемесіне желі оқырмандары бірден наразылық білдірді.

Желіге жүктелген суреттен Байзақова мен баласының жұқа киінгенін аңғарған көпшілік оны аяусыз сынап тастады.

"Баламды далада емізуге мүлде ұялмаймын. Кім аналардың баланы елдің көзінше емізуіне қарсы? Мысалы маған бәрібір. Мейлі адамдар тыр жалаңаш жүгіріп жүрсе де. Ал ұятмендер далада сәбиін емізген аналарға ойы қандай екен?
Суретті көре сала, маған жұқа киінгенімді айтып жатыр. Сіздерге айтарым, уайымдамаңыздар. Мен кішкентайымнан тоңғақ емеспін. Оған қоса, баламды қабат-қабат қалың киіндірмеймін. Оның қажеті жоқ деп есептеймін" , - деді Байзақова.

Желідегілер атышулы арудың бұл жазбасына екі түрлі пікір білдірді. Бірі бойжеткенді қақаған аязда баласын емізгені үшін сынға алса, енді бірі оған қамқорлық көрсете уайымдайтындарын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772973-magan-bribir-sbiin-dalada-emizgen-bajzakova-elden-sz-estip-kaldy-foto/

pixel