RU
Атақты украиналық әнші Мәскеу әуежайында жанжал шығарды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Атақты украиналық әнші Мәскеу әуежайында жанжал шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әнші Свелана Лобода VIP-қонақтарға дұрыс емес қызмет көрсеткені үшін Мәскеудегі "Шереметьево" әуежайында ұрыс шығарды. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: viva.ua

Фото: viva.ua

Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Оның сөзінше, әуежайдың VIP-зал қызметкерлері әншіні құжаттық тексеруден соң күтіп алмаған.

Лобода болса, VIP-залға дейін жаяу барыпты.

Видеодан қызметкерлердің әншіден кешірім сұрап жатқанын, бірақ әншінің оларды кешірмегенін және "таныстары арқылы бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын" айтқанын байқауға болады.

"Менен кешірім сұраудың қажеті жоқ. Жұмыста кәсіби болғандарың керек. Ақша төлеген соң, дұрыс қызмет көрсетілгенін қалаймын. Ал сіздер маған жайлы ештеңе жасаған жоқсыздар", - деді Лобода.

Сіздің реакцияңыз
5
3
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel