RU
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотта танымал спортшы Денис Теннің өліміне қатысты кезекті тыңдалым басталды. Бүгінгі сот отырысында үшінші күдікті Нұралы Қиясов жауап береді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды

Фото: NUR.KZ

Тағы да оқыңыздар:

Денис Теннің мәйітіне сараптама жүргізген маман сотта сөйледі

Денис Теннің өлімі: Күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді

Арман Құдайбергенов Жанар Толыбаеваға үйленбекші болғанын жеткізді

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысына жәбірленуші жақтан спортшының анасы Оксана Тен, ал күдіктілерден Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева қатысады.

Оған қоса, тағы бірнеше куәгерден жауап алу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтар күні өткен сот отырысында Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов спортшының қалай өлтірілгенін айтып берген болатын. Сондай-ақ, ол бұл қайғылы жағдайдың орын алғаны үшін қатты өкінетінін алға тартып, Денистің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады.

Ал мәнерлеп сырғанаушының өліміне тағы бір күдікті азамат Нұралы Қиясов денсаулығына байланысты сот алдында жауап бере алмайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel