Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда киіктерді атқан браконьерлер инспекторды өлтіріп кетті

Опубликовано:

Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу кезінде браконьерлерді құрықтамақ болған инспекторларға оқ атылып, біреуі қаза тапты. Бұл туралы АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

ukrinform.ru
Көрнекі фото:ukrinform.ru: Facebook

Оқиға 13 қаңтар күні болған.

Инспекторлар бес киіктің заңсыз атылғанын анықтапты. Олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екі көлікті қуып, оның бірін тоқтатқан.

«Көлікті тексеру кезінде белгісіз адамдар қарсылық көрсетті. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, пышақ жарақатын алса, екінші инспектордың миы шайқалып, ес-түсінен айырылды. Оны дәрігерлер құтқара алмады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел тобы аттанды», - деді Сәкен Ділдахмет.

Ресми өкілдің дерегінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып,  браконерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772989-karagandyda-kiikterdi-atkan-brakonerler-inspektordy-ltirip-ketti/

pixel