Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұралы Қиясов: Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне күдікті деп танылған Нұралы Қиясов өз кінәсін толығымен мойындап, марқұм спортшының ата-анасы мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін толығымен мойындады
Нұралы Қиясов. Фото: NUR.KZ: Instagram

Тағы да оқыңыздар:

Денис Теннің мәйітіне сараптама жүргізген маман сотта сөйледі

Денис Теннің өлімі: Күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді

Тағы бір сот-медицина сарапшысы Денистің екі бірдей жарақат алғанын айтты

Күдікті азамат мәнерлеп сырғанаушыға пышақты қалай сұғып жібергенін түсінбей қалғанын жеткізді.

"Қатты өкінемін. Кешіре алсаңыз, кешіріңізші мені. Түсінемін ол кісі ана, жүрегі ауырады. Денистің ата-анасынан, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмедім. Біз ұрлыққа ғана бардық. Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз, шын. Сол себепті, қасақана адам өлтіру бабымен келіспеймін" , - дейді Қиясов.

Естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтар күні өткен сот отырысында Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов спортшының қалай өлтірілгенін айтып берген болатын. Сондай-ақ, ол бұл қайғылы жағдайдың орын алғаны үшін қатты өкінетінін алға тартып, Денистің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773003-nraly-kiasov-adam-ltiremiz-dep-ojlagan-zokpyz/

pixel