RU

Алматы әкімдігінің алдында Porshe Cayen 55 жастағы адамды қағып өлтірді

Алматыда әкімшілік алдында Porshe Cayen көлігі 55 жастағы ер адамды қағып өлтірді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

sreda24.ru
Көрнекі фото:sreda24.ru: Twitter

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Қ.Сәтбаев көшесінің бойында, Республика алаңында болды. 

Porshe Cayen көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші Сәтбаев көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатқан.

50-55 жас шамасындағы ер адам тыйым салынған жерден өтіп кетпек болыпты. Сол сәтте жүргізуші тежегішті басып үлгермей, ер адамды қаққан.

Жәбірленуші оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Полиция қылмыстық кодекстің 345-ші бабының үшінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773018-almaty-kimdigini-aldynda-porshe-cayen-55-zastagy-adamdy-kagyp-ltirdi.html