RU
Алматыда террорлық шабуыл жасамақ болған шетел азаматтары ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда террорлық шабуыл жасамақ болған шетел азаматтары ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында 10 қаңтар күні террорлық шабуыл жасамақ болды деген күдікпен Орта Азия елдерінің азаматтарынан құралған топ ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Террорлық топ Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция кезінде құрықталды.

"Күдіктілердің уақытша қоныстанған жерін тексеру барысында олардан өте қуатты жарылғыш заттар дайындауға арналған көп мөлшердегі компоненттер және қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді", -деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұсталған шетел азаматтары ДАИШ содырларының тапсырмасымен әрекет еткен деп болжануда.

"Олар жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматыдағы адамдар көп жиналатын жерлерде шабуыл жасауға ниет еткен", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
2
5
12
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel