Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін маңызды шарулар бастап, өмірге өзгерістер енгізуге болмайды. Аяқталмаған істерді аяқтап, жоспар құрумен айналысқан жөн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 15-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

telegraf.com.ua
Көрнекі фото:telegraf.com.ua: Facebook

1. Тоқты

Таңертеңнен бастап іске кірісесіз. Ойша сіз талай істі аяқтап тастайсыз, бірақ ұяңдық танытып, өзіңізді шектемеңіз. Түстен кейін белсенділігіңіз шегіне жетеді.

2. Торпақ

Бүгінгі күн сіз үшін сәтті болады. Түстен кейін әрекеттеріңізді бақылауда ұстаңыз. Әрбір қадамыңызды ойланып барып жасаңыз. Өмірлік қуатыңыз қазір тасып тұрғанымен, оны бос қиял мен жанжалға жұмсаудың қажеті жоқ.

3. Егіздер

Бүгін сізді басқалар бақылауда ұстағысы келетіндер, ақыл-кеңес бергіштер көбейіп кетеді. Ондай адамдарға қарсылық көрсетсеңіз, ашуға бой алдырмаңыз.

4. Шаян

Бүгін өзіңізді төреші немесе мәмілегер сезінесіз, ал бұл оңай шаруа емес. Жақындар мен әріптестердің біреулері сізді жанжалдың ортасына түсіруі ғажап емес. Басыңыз бәлеге қалмас үшін біреудің жанжалына араласпаған жөн.

5. Арыстан

Басқа адамдарға қатысты жоспарлар мен тапсырмаларда шектен шықпаған жөн. Қаншалықты шындықты айтқыңыз келсе де, өзіңізді тежеген дұрыс. Себебі шындықты айтамын деп жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін.

6. Бикеш

Бүгін шабытыңызға ерік беріңіз. Шығармашылығыңыздың жемісіне басқалардың көңілі толмаса да, өзіңіз риза боласыз.

7. Таразы

Бүгін жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді талдау керек. Өзіңізге адал баға берген жөн. Біреудің пікіріне құлақ аспаңыз, басқа адамның не көздейтінін білмейсіз.

8. Сарышаян

Бүгін қажет емес нәрсеге көңіл бөлмеуге тырысыңыз. Әрине, жұмыс ешқайда қашпайды, бірақ өздігімен де істелмейді. Сондықтан уақытты бос сөзбен өткізбей, жұмысыңызды істеңіз.

9. Мерген

Бүгін ішкі наразылығыңыз артады. Бұған ерекше мән бергеніңіз дұрыс. Не нәрсеге көңіліңіз толмайтынын анықтасаңыз, жағдайды өзгертудің мүмкіндігі пайда болады.

10. Тауешкі

Бүгін ерекше әсерлер көп болады. Жаңа табыс көзін табуыңыз ықтимал. Бірақ табыс өздігімен табылмайды, алдымен тер төгу керек екенін ұмытпаңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін адамдармен көп араласпаған дұрыс. Біріншіден, энергияңыз сарқылады. Екіншіден, сіз жайында көп сын айтылуы мүмкін.

12. Балықтар

Бүгін негізгі жұмыстан басқаның бәріне көңіл бөлесіздер. Дегенмен өзіңізді дер кезінде қолға алып, тікелей міндетіңізді атқарып, үй шаруасымен айналысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773024-15-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel