Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 сағат: Гүлнұр Оразымбетова Instagram-нан шықпайтынын жайып салды

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіге көп уақыт жұмсайтынын айтты. Бұл туралы әнші "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Оразымбетова жанұялы жан болған соң желіге көп кірмеуге тырысатынын атап өтті.

"Отбасылы адам болғаннан кейін телефонда көп отырмауға тырысамын. Бірақ сыртта жүргенде, бала-шағамнан тыс кезде отырамын. Instagram-да 24 сағат отырмасам да, 15 сағат отыратын шығармын", -деді ол.

Әнші өнер адамдары үшін әлеуметтік желіде көп уақыт отыру қалыпты деп санайды.

Оның айтуынша, эстрада жұлдыздарының жұмысы тікелей әлеуметтік желімен байланысты.

"Себебі, күнделікті эфирдің жұмыстары, концерттерге шақыртулар, жарнама дейді, оның үстіне дайректке де жазатын қаншама адамдар болады. Олардың пікірлерін де оқып шығуға уақыт арнау керек. Сондықтан күнде кішкене-кішкенеден уақыт арнаймын", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773028-15-sagat-glnr-orazymbetova-instagram-nan-sykpajtynyn-zajyp-saldy/

pixel