RU
Ресейдің Шахты қаласындағы көпқабатты үйде газ жарылды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Ресейдің Шахты қаласындағы көпқабатты үйде газ жарылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шахты қаласында тоғыз қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды. Құтқару операциясы кезінде ғимараттан 140 адам эвакуацияланды. Бір адам үйінді астында қайтыс болды деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

ria.ru

Фото:ria.ru

Үйдің бір бөлігі қопарылып, астында жеті адам қалып қойған. Бірақ құтқарушылар біртіндеп оларды шығарып үлгерген.

Құтқару операциясы кезінде әйел адам мен екі жасар баласы табылды.

Екі адам орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан сегізінші және тоғызыншы қабаттар қирады. Жарылыс толқынынан жетінші қабат қабырғаларында жарықшақтар пайда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан бір адам қаза тапқан.

Ростов облысының басшысы Василий Голубев, қайтыс болған адамның отбасы бір миллион көлемінде өтемақы алатынын мәлімдеді.

Осы үйде тіркелген төрт адамның тағдыры әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 31-ші желтоқсан күні Магнитогорск қаласында 39 адамның өмірін жалмаған жарылыс болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel