RU
Оксана Тен Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткеніне күдіктенді
Жаңалықтар Қоғам

Оксана Тен Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткеніне күдіктенді

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің анасы ұлының өліміне күдікті болып танылған Нұралы Қиясовтың жаұнясының жағдайы қайғылы оқиғадан кейін жақсарып кеткенін айтты. Ол өзінің бұл мәлімдемесін күдіктінің ауылдағы көршілерінің сөзіне сүйеніп жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Оксана Тен Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткеніне күдіктенді

Оксана Тен. Фото: Spunik Қазақстан

Тағы да оқыңыздар:

Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін толығымен мойындады

Денис Теннің өлімі: Күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді

Тағы бір сот-медицина сарапшысы Денистің екі бірдей жарақат алғанын айтты

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында Оксана Тен күдіктінің жақындары мен отбасының өмірі қалай өзгергенін жеткізді.

"Сенің жанұяңның материалдық жағдайы нашар болған. Анаң сені сот залынан алып шығу үшін несие алғанын да білеміз.

Ал қазір, оқиғадан кейін сенің отбасыңның жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып кеткен. Бұл - сенің көршілеріңнің айтқаны.

Оған қоса, үйлеріңнің алдында енді су жаңа көлік тұр. Мұны қалай түсіндіресің?" , - деп сұрады Денис Теннің анасы күдіктіден.

Сіздің реакцияңыз
13
8
2
14
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel