Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахты қаласындағы тұрғын үйдегі жарылыс: үйінді астында адамдар қалған

Опубликовано:

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы алты адам үйінді астында қалуы ықтимал деп жазады NUR.KZ.

Фото: 161.ru
Фото: 161.ru: Facebook
"Жеті адам құтқарылды. Тұрғындар үйінді астында қалуы ықтимал. Бір адам қайтыс болды. Оның денесін тоғызыншы қабаттан тапты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

"Бір әйелдің жағдайы өте ауыр", - деді агенттік.

"Алты адам іздестірілуде. Екеуі үйінді астында қалғаны белгілі болды. Қазір оларды шығару жұмыстары жүріп жатыр",- деді басылым.

"Қалған төрт адамның қайда екені әлі белгісіз", - деп қосып кетті ТАСС агенттігі.

Еске сала кетсек, Ресейдің Шахты қаласында тоғыз қабатты үйде тұрмыстық газ жарылған болатын. Құтқару операциясы кезінде ғимараттан 140 адам эвакуацияланды. Бір адам үйінді астында қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1773050-sahty-kalasyndagy-trgyn-jdegi-zarylys-jindi-astynda-adamdar-kalgan/

pixel