Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жаста бала сүю мүмкіндігінен айырылған астаналық келіншек жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Астана қаласының №2 перинаталды орталығында кесер тілігімен босанған Әйгерім Сәметтің жатырына ота кезінде инфекция түсіп, жатырын алып тастауға тура келген. Енді дәрігерлер отаны кім жасағанын жасырып отыр деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

Видеодан скриншот
Коллаж:Видеодан скриншот: Facebook
"Мен операция залында жатқан кезде маған дәрігер "Жатыр түтігін байлап тастайын ба? Тағы да туғың келе ме? Бірінші қызыңды кім босандырды?" сұрақтар қойды. Тіпті "мен босандырған болсам, түтіктеріңді байлап тастаушы едім" деп айтты", - деді Әйгерім Сәмет.

Отадан кейін үш-төрт күн өткен соң келіншекті перзентханадан шығарған. Алайда біраз уақыттан кейін ол өзін жайсыз сезініп, ақылы емханаға барған. Ондағы дәрігерлер сәл кешіккенде келіншектің өліп кету қаупі болғанын жеткізген.

Бір айға жетпей келіншектің жатырына екі литр ірің жиналған. Ота алты сағатқа созылған. Бірақ әйел адамның жатырын алып тастауға тура келген.

Енді Әйгерім Сәмет бірінші отаны жасаған дәрігерді таппай отыр.

"Ота жасаған дәрігерді тігіс, жібін алып тастауға барғанда таппай қалғанбыз. Жұмыстан шығып кетті деп айтты. Ол ақ болса, білікті маман болса не үшін жұмыстан шығады?", - дейді зардап шегушінің анасы Мейрамкүл Арқабаева.

Перзентхана өкілдері де мардымды жауап қайтара алмаған. Қалалық денсаулық сақтау департаменті де үн қатпай отыр екен.

"Дәрігерге қояр сұрақтарым бар. Оны таба алмай отырмын. Перзентхана өкілдері оның түрі қандай болды деп менен сұрайды. Сонда өздерінің араларында жүрген дәрігерді білмей ме? Өздерінің бір жасырғандары бар, содан кейін қашып отыр", - деп шырылдады бала сүю мүмкіндігінен айырылған Әйгерім Сәмет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773066-21-zasta-bala-su-mmkindiginen-ajyrylgan-astanalyk-kelinsek-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel