RU
Нұралы Қиясов: Қандай жаза тағайындалса да, көнемін

Нұралы Қиясов: Қандай жаза тағайындалса да, көнемін

Рассказать Вконтакте

Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов өзіне қандай жаза тағайындалса да, оған көнетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұралы Қиясов. Фото: ВКонтакте

Нұралы Қиясов. Фото: ВКонтакте

"Үлкен қателік болды. Қалай болғанын да түсінбей қалдым. Оқиғаның бұлай аяқталатынын қаламаған едім. Негізі өмірі қанға жоламағанмын. Оксана ханымнан тағы кешірім сұраймын. Ол кісіге қалай ауыр тигенін түсінемін, білемін. Қандай жаза тағайындалса да, мен оған көнемін" , - дейді Қиясов.

Сондай-ақ, сот төрағасы бүгін жауап берген Қиясовтың сөзі Құдайбергенов пен Толыбаеваның жауабы мен тергеу мәліметіне қайшы екенін айтып, күдіктіден неліктен шындықты айтпай отырғанын сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұралы Қиясов өз жауабын бірнеше рет өзгерткен болатын.

Еске сала кетейік, Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сот алдында күдіктінің бірі Нұралы Қиясов жауап беруде. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап, марқұмның ата-анасы мен барша халықтан кешірім сұраған еді.

Сонымен қатар бүгінгі сот отырысында Денис Теннің анасы Нұралы Қиясовтың жанұясының жағдайы қайғылы оқиғадан кейін жақсарып кеткенін, ол бұл мәлімдемесін күдіктінің ауылдағы көршілерінің сөзіне сүйеніп жасағанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel