Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рэкетирде" ойнаған актер Еркін Ізбасармен түскен суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Белгілі актер, әйгілі "Рэкетир" фильмінде басты рольді сомдаған Саят Иссембев атышулы Еркін Ізбасармен түскен суретін желіге салып, оқырмандарын таңырқатты деп жазады NUR.KZ.

Актер атышулы Еркін Ізбасармен түскен суретін өзінің Instagram парақшасына жүктеп:

"Ағаларыммен бірге түскен сурет. Барлықтарыңызға жақсылық пен татулық тілеймін", - деп жазған.

Саят Иссембаевтың желіге аталмыш суретті жүктегені сол еді, оқырмандар атышулы "Төрт ағайынды" жетекшісімен түскен сәтті қызу талқылай жөнелді.

Олар "Аға жарайсыз", "Мынадай сурет жариялау екінің бірінің қолынан келе бермейді, ерлік" деген пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, атышулы "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар былтыр 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұған дейін оған Ақтөбеде мұнай ұрлады деген айып тағылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773095-reketirde-ojnagan-akter-erkin-izbasarmen-tsken-suretin-zarialady-foto/

pixel