RU
Ziruza-ның табынушылары әншіні таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ziruza-ның табынушылары әншіні таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желтоқсан айында Ziruza өзінің S.O.S әніне YouTube арнасында CoverШЫ каверлер сайысын жариялаған болатын. Әншінің табынушылары Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 күн бойы танымал тректің өз нұсқаларын жіберді.

Сайысқа келіп түскен 900 жұмыстың ішінен QPOP жұлдызы мен оның продюсері Ерлан Әлімов төрт сайыскерді іріктеп алды. Кейбір қатысушылар жұлдызды қатты таңғалдырған.

Сайыс жеңімпазы атанып, клип түсіру мүмкіндігіне жақындай түскендер:

Дана Мажитова, Атырау

Айша Тілеубай, Алматы

Руслан Мендігүл, Алматы

Айта кететін жайт, CoverШЫ сайысы әлі де жалғасуда. Кез келген адам бас жүлде – клип түсіру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Сайысқа қатысты қосымша ақпаратты YouTube арнасындағы CoverШЫ арнасынан алуға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel