Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас жігіт қайтыс болған": Алматы облысында емші қамауға алынды

Опубликовано:

Алматы облысында тәртіп сақшылары халық емшісін 28 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде қамауға алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат хабарлайды.

Көрнекі фото: ugolovka.com
Көрнекі фото: ugolovka.com: Depositphotos

Кісі өлімі 12 қаңтарда Қарасай ауданында тіркелген.

Сараптама барысында 28 жастағы азаматтың кеуде тұсынан қатты жабық жарақат алғаны, бірнеше қабырғалары сынғаны, өкпесінің зақымданғаны белгілі болған.

Осы соққылардың салдары кісі өліміне себеп болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша іс қозғаған полиция кісі өліміне күдікті ретінде жергілікті емшіні ұстады.

"Марқұмның туыстары жағынан полицияға арыз түскен жоқ. Дегенмен, оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 3 бөлімі, 106 бабы бойынша (Кісі өліміне әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ретінде дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы азамат ұсталды", - деп хабарла полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басылымның мәліметінше, марқұмды емшіге туыстары апарған. Олар жас жігіттің ішінде жын бар деп ойлапты.

Қайтыс болған азамат үш жылдан бері науқас екен. Емші жігіттің бойынан жынды шығарамын деп бес күн бойы емдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773128-zas-zigit-kajtys-bolgan-almaty-oblysynda-emsi-kamauga-alyndy/

pixel