Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы Жанар Толыбаеваға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты

Опубликовано:

Денис Теннің анасы Оксана Тен бүгіні сот отырысында Жанар Толыбаевға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"2018 жылдың 25-ші сәуірінде 21-54-те Еуропаға шығыс қоңырау болған. Оның қайда және кімге xабарласқанын тексерулеріңізді сұраймын. Нөмірдің басы +4-тен басталады. Нақты айтсақ бұл - Швейцария. Шығыс та, кіріс те қоңырау болған. Сен қоңырау шалдың, артынан саған қайта xабарласты.
Алтыншы мамыр, 3-ші, 5-ші, 7-ші, 20-ші шілде күндері шығыс та, кіріс те қоңыраулар болған. Соңғы қоңырау сен тастап жіберген сим картадан болды. Сен xабарластың бірақ сосын саған қоңырау шалмады.
Ұялы телефон қоңырауларына сәйкес мен келесі отырысқа қарсы шағым түсірмекпін. Себебі мұнда Денистің айналасының қатысы бар. Аталған нөмірлер оның айналасындағылардікімен сәйкес келуде", - дейді Оксана Тен.

Алайда Жанар Толыбаева Еуропаға қоңырау шалмағанын айтты.

"Ол Қырғызстанға немесе Өзбекстанға болуы мүкін", - деп жауап берді күдікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773134-denis-tenni-anasy-zanar-tolybaevaga-setelden-tsken-koyraular-zajly-ajtty/

pixel