Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда такси жүргізушісі із-түссіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Қарағандыда жұмысқа шығып кеткен такси жүргізушісі Вадим Кузнецов із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Вадим Кузнецов
Вадим Кузнецов: Facebook

Вадим Кузнецов 11 қаңтар күні "Киа Рио" көлігімен белгісіз бағытта жүріп кеткен. Ол жұбайына қазір келетінін айтқанымен, сол күні де, келесі күні де үйіне оралмаған.

Такси жүргізушісінің жоғалғаны туралы ақпарат Михайловск полиция бөлімшесінде тіркелді.

"Қазір іздеу ісі ашылды. Полиция Вадим Кузнецовты іздеп жатыр",- деді еріктілер.

Кузнецов Вадим қара және көк түсті ақ жейде, қара түсті кеудеше, көк джинсы шалбар мен сарғыш жағасы бар қою түсті күртеше киген. Азаматтың аяғында қара бәтіңке болған.

Оның бойы 172-176 сантиметр, шашы сары түсті, көздері көк және соқырішектен қалған тыртығы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773155-karagandyda-taksi-zrgizusisi-iz-tssiz-zogalyp-ketti/

pixel