Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда екі күнде 10 адам газдан уланып қалды

Опубликовано:

Қазақстанда екі күнде 10 адам газдан уланған. Оның бесеуі - кәмелеттік жасқа толмағандар деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: azh.kz
Көрнекі фото: azh.kz: Facebook

Оқиғалар осы демалыс күндері орын алған.

Өткен сенбіде 68 жастағы Шығыс Қазақстан тұрғыны, 64 жастағы Семей тұрғыны улы газдан уланып, ауруханаға түскен.

Дәл сол күні кәмелетке толмаған ақтөбеліктер, яғни, 17 жастағы және 15 жастағы жеткіншектер дәл осындай жағдайға тап болған.

Ал жексенбі күні улы газдан Атырау облысының 55 жастағы тұрғыны зардап шегіпті.

Медициналық көмек 48 жастағы және 24 жастағы келіншек пен бес, төрт және екі жастағы балаларға қажет болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773158-kazakstanda-eki-knde-10-adam-gazdan-ulanyp-kaldy/

pixel