RU
Польшада қала мэрі қаскөйдің қолынан қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Польшада қала мэрі қаскөйдің қолынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Польша президенті Анджей Дуда Гданьск қаласының мэрі Павел Адамовичтің өліміне қайғырып, көңіл айтты. Қайырымдылық концерті кезінде сахнада тұрған мэрдің кеудесіне 27 жастағы қаскөй үш рет пышақ сұққан. Павл Адамович дереу ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Хабар 24.

Фото: replyua.net

Фото: replyua.net

Дәрігерлер бірнеше сағат бойы оның жанын сақтап қалуға тырысқанымен, қала мэрі ауыр жарақаттан көз жұмды.

Жантүршігерлік қылмысқа барған қылмыскер дереу тұтқындалды. Стефан есімді қаскөй 2013 жылы банк тонағаны үшін бес жарым жылға сотталған. Ауыр психикалық ауытқуы да бар деп танылған екен.

Ал 1998 жылдан бері Гданьск қаласының мэрі болған  Павл Адамович 53 жаста болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel