RU
Экстрасенс Мақпал Жүнісованың 30 мың доллар тұратын әшекейін кім ұрлағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Экстрасенс Мақпал Жүнісованың 30 мың доллар тұратын әшекейін кім ұрлағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Мақпал Жүнісова Астанада өткен кештердің бірінде қымбат әшекейін ұрлатып алған болатын. Ал бүгін танымал экстрасенс бағалы бұйымды қолды еткен арудың кім екенін айтты деп хабарлайды "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Экстрасенс-психолог Назгүл Ермекқызы ұрлық істеген аруды сипаттап берді.

"Жоғалған жері адам көп жүретін, сахналық орта. Бұл кісі өзі де сезеді кім алғанын. Енді алған адам 30-35 жастағы арықтау келген. Шашын үнемі бояп жүреді. Ол қызға қатты қаражат керек болған. Алайын деп алмаған. Қаражаттан қиналғаннан, мәжбүр болған.
Мүмкін 7 ай ішінде әшекей Мақпал апайдың өзіне қайта оралуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта ол қыз "Өткізейін бе" деп ойланып жүр. Ол қыз әшекейді алғаннан кейін өзі де қысылып қалған", - деді Назгүл Ермекқызы.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мақпал Жүнісова өзінің қымбат әшекейінің ұрланғанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ әнші бағалы әшекейдің құны 30 мың доллар тұратынын Instagram парақшасында жазып, артынша бұл пікірлерді өшіріп тастады.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
13
11
3
1
3
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel