Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бетіне пластикалық ота жасатқан әйел комаға түсті

Опубликовано:

Алматы облысы Ұзынағаш ауданының тұрғыны Гүлнар Айнағұлова өзінің сырт келбетіне өзгеріс енгізбек болған. 48 жастағы әйел бетінің әжімі мен иегіндегі артық майларды тартқызғысы келіп, Алматыдағы танымал клиникалардың біріне барған. Алайда отадан соң келбеті өзгеруге тиіс әйел комаға түсіп қалады. Бұл жайында оның сіңлісі Гүлзада Айнағұлова айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Әйелдің туыстарының жеке мұрағатынан
Фото: Әйелдің туыстарының жеке мұрағатынан: Original

Гүлзаданың айтуынша, оның әпкесі екі айдан бері есін жимастан комада жатыр.

Ота жалпы анестезиямен жасалған. Пластикалық отадан соң Гүлнар есін жиып, арада 45 минут өткенде анафилактикалық шок алған.

"2018 жылдың 13 қарашасында Гүлнарға ота жасалды. Осыдан кейін ол комаға түсті. Клиникада бір тәуліктен аса жатты. Ал 14 қараша күні оны орталық клиникалық ауруханаға ауыстырдық. Жағдайы аса ауыр. Есін білмейді. Әпкемді емдеуге ұзақ уақыт керек. Оның емін аталмыш клиника төледі.
Алайда 16 қараша күні олар Гүлнардың еміне қаражат төлеуден бас тартты. Біз қазір сол клиниканың әпкемнің еміне ақша аударғанын талап етеміз. Сонымен қатар кінәлілердің жазаға тартылуын да қалаймыз", - дейді Гүлзада.

Сондай-ақ Гүлзада әпкесін өзге ауруханалардың қабылдамайтынын да мәлім етті. Ал үйде ауруханадағыдай жағдай жасалмайтынын жасырмады.

NUR.KZ порталының тілшісі орталық клиникалық ауруханаға хабарласқанымен, ондағы қызметкерлер "емделушілер жайлы ақпаратты тарата алмайтынын" айтып, жауап беруден бас тартты.

Сонымен қатар пластикалық ота жасалған аурухананың хирургия бөлімі деп басшылықтың жоқтығына байланысты, жауап бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773186-almaty-oblysynda-betine-plastikalyk-ota-zasatkan-jel-komaga-tsti/

pixel