Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Той алдында үйінен қашып кеткен араб қалыңдығының тағдыры немен аяқталды?

Опубликовано:

Сауд Арабиясында тарихтан келе жатқан қағидаларға қарсы шыққан арулар саусақпен санарлық. Солардың ішінде өз өмірін қатерге тігіп, ортағасырлық дәстүрден құтылуға бел буған бойжеткеннің тағдыры жұртты қызықтырмай қоймады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

18 жастағы Рахаф Мохаммед аль-Кунин елдегі басқа да қыздар сияқты өзі ұнатпайтын күйеуімен қосылуды, төрт қабырғадан шықпай, ерлердің көзіне түспей жүрген өмірді ғана күтіп жүреді. Алайда, бұл жағдайға көңілі толмаған ол тойды күтпей, жанұясынан қашып кеткен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Отанында өзіне тыныштық болмасын түсінген ол ұшаққа билет алып, Таиландқа кетіп қалған. Алайда, ару әуежайдағы қонақ үйде жерлестеріне ұсталып, бөлменің есігін жиһазбен жауып, аман қалған. Артынша бойжеткен өз еліне оралмайтынын айтып, өзіне Таиланд Корольдігінен баспана беруді сұрапты.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Одан бөлек, Рахаф әлемде өзі туралы көп адам білгенін қалаған. Ол өз тарихын жазып, достарынан жазбасын бөлісуді де сұрапты. Бойжеткен өзін ұшаққа отырғызып, Кувейтке немесе Сауд Арабиясына апарса, өлім жазасына кесілетінін мәлімдеген екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Осылайша, Таиланд билігінен қолдау көрген араб қызы журналистермен және шенеуніктермен кездесуге мүмкіндік алыпты.

Рахафтың айтуынша, ол туыстарынан әлдеқайда алыс болу үшін Австралияға қоныс аударуды жоспарлаған екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Рахаф аль-Кунун - тек қана Сауд Арабиясында ғана емес, шет елде де үлкен мүмкіндіктерге ие елдегі беделді шенеуніктің қызы. Оның тоғыз әпке, ағасы бар. Отбасының беделінің нұқсан келтіргендіктен, әкесі қашқын қызын қайтаруға бар күшін салған болуы мүмкін.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Рахафтың әкесі мен ағасы Таиландқа келгенмен, ол туыстарымен кездесуден бас тартқан. Бойжеткен артынша Сеулге, одан соң Канадаға кетіп қалыпты.

Әлеуметтік желіде Рахаф үшін алаңдаған халық көп болды. Алайда олар қыздың ұшақта отырғанын көріп, қуанып қалды. Ал Торонто әуежайында Рахафты Канаданың сыртқы істер министрі Кристия Фриленд бір құшақ гүлмен қарсы алған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook
"Бұл Рахаф Мохаммед аль-Кунун, өте қайсар канадалық қыз", - деді ол.

Артынша "Канада" жазуы бар киім киген араб қызының суреттері бүкіл әлемге тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1773196-toj-aldynda-jinen-kasyp-ketken-arab-kalydygyny-tagdyry-nemen-aaktaldy/

pixel